30.09.2025
23:16
496
Дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында күресетін Қазақстан спортшылары кімдер

Дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатында күресетін Қазақстан спортшылары кімдер

5-7 қазан аралығында Перудің Лима қаласында дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Әлемдік додада 18 балуан ел намысын қорғайды деп күтіліп отыр. Халықаралық дзюдо федерациясының мәліметінше, ұлттық құрама сапына төмендегідей дзюдошылар еніп отыр. 

Ұлдар:

60 келіге дейін: Талғат Орынбасар, Телжан Сұлтанбай

66 келіге дейін: Ақылжан Жұбатқанов, Қайырхан Абдрахман

73 келіге дейін: Омар Нұрбергенов

90 келіге дейін: Даниил Крылов, Арман Билалханов

100 келіге дейін: Асқар Бержанов

100 келіден жоғары: Жантілек Нұртілепұлы

Қыздар:

48 келіге дейін: Тасним Әбдуәлі, Сабина Юлдашбекова

52 келіге дейін: Нұрайлым Сәрсенбек, Аяулым Қайрат

57 келіге дейін: Дана Әбдірова

63 келіге дейін: Дильназ Досберген

70 келіге дейін: Көркем Орымбек

78 келіге дейін: Анастасия Нагачевская, Салтанат Ахметова