Дзюдодан жасөспірімдер арасында ел чемпионатының үздіктері анықталды

28 Ақпан, 08:23 861

Түркістанда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының жекелей жарыстары аяқталып, чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған біріншілік Түркістандағы «Olympic Center» спорт кешенінде өтті. Ел чемпионатына Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 820 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жекелей жарыстар нәтижесі бойынша Түркістан облысының командасы 3 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде көш бастады. 

Ал Жетісу облысы 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдемен екінші орынға тұрақтаса, Қызылорда облысы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдемен үздік үштікті аяқтады.

Айта кетерлігі, Қазақстан чемпионаты 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында өтті. 
Аталған Қазақстан чемпионатының нәтижесінде 2024 жылғы спорт маусымында Азия және әлем чемпионаты сынды әлемдік бәсекелерде ел намысын қорғайтын дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады.

Енді, бүгін, яғни 27 ақпан күні «Olympic Center» спорт кешенінде аралас-командалық чемпионат өтеді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Ұлдар:
-50 кг
1. Мағжан Жолдасбек (Қызылорда облысы)
2. Арсен Елемес (Алматы облысы)
3. Расулхан Ғабит (Маңғыстау облысы)
3. Бекдәулет Бекишев (Шымкент)

-55 кг
1. Ернұр Батырғали (Түркістан облысы)
2. Абылай Алмабек (Алматы облысы)
3. Нұрдос Досберген (Жамбыл облысы)
3. Еран Елубаев (Алматы)
60 кг
1. Бақдәулет Қабдешов (Алматы)
2. Семен Сухаруков (Алматы)
3. Алтынбек Қонысбай (Жамбыл облысы)
3.Болат Асанәли (Қызылорда облысы)

-66 кг
1. Ислам Абай (Түркістан облысы)
2. Рассим Нариманов (Жетісу облысы)
3. Саят Нұржан (Шымкент)
3. Ақниет Қонысбай (Маңғыстау облысы)

-73 кг
1. Шамсидин Апак (Алматы облысы)
2. Абдулла Абдукаримов (Түркістан облысы)
3. Мұрат Бернияз (Маңғыстау облысы)
3. Абылайхан Кенжеғали (Жетісу облысы)

-81 кг
1. Расул Мухум (Жамбыл облысы)

2. Ерасыл Әуез (Шымкент)

3. Әлихан Бейсембай (Алматы)

3 Сұлтанбек Бақтыбай (Маңғыстау облысы)

-90 кг
1. Санжар Ерұланұлы (Қарағанды облысы)

2. Батыржан Тоқтар (Алматы облысы)

3. Алдияр Ризабек (ШҚО)

3. Ерасыл Сәтінбек (Жамбыл облысы)

+90 кг

1. Дінмұхаммед Нысанбай (Қызылорда облысы)

2. Арқат Сейткерім (Жамбыл облысы)

3. Мансұр Рахматулла (Шымкент)

3. Айдар Уразбай (Жетісу облысы)

Қыздар:

-40 кг
1.Севинч Абдукадырова (Шымкент)
2.Саяра Максутова (Алматы облысы)
3.Камила Алтыбайқызы (Маңғыстау облысы)
3.Злата Швайгерт (Қарағанды облысы)

-44 кг
1. Әсел Русланова (Атырау облысы)
2. Айзат Наукенова (Қарағанды облысы)
3. Сандуғаш Молдағали (Қызылорда облысы)
3. Айнара Сейтжанова (Абай облысы)

-48 кг
1. Сымбат Тағай (Түркістан облысы)
2. Рамиля Серікболат (Жамбыл облысы)
3. Аружан Альмағамбетова (Қызылорда облысы)
3. Алина Ямашева (Қарағанды облысы)

-52 кг
1. Фатима Супуғалиева (БҚО)
2. Кира Хегай (Жетісу облысы)
3. Жанайым Маратбек (Жетісу облысы)
3. Алуа Мұхан (Жетісу облысы)

-57 кг
1. Нұрай Жеңіс (Жетісу облысы)
2. Аида Қожамсеитова (Абай облысы)
3. Аружан Ассемқалиқызы (Жамбыл облысы)
3. Нұрсезім Тұрлыбек (Шымкент)

-63 кг
1. Көркем Орынбек (Алматы)

2. Сәуле Қожасова (Қызылорда облысы)

3. Сая Қадырова (ШҚО)

3. Дильназ Досберген (Жамбыл облысы)

-70 кг

1. Томирис Ерғали (Қарағанды облысы)

2. Жанерке Абдурахман (Алматы облысы)

3. Амина Файзулина (Астана)

3. Анисса Ибатолла (Атырау облысы)

+70 кг

1. Нұршат Кемелханқызы (Жетісу облысы)

2. Айымзада Думанқызы (Атырау облысы)

3. Мерей Серікбай (Түркістан облысы)

3. Снежана Якубова (Шымкент)

Перизат Саденова
Бөлісу: