25.11.2024
01:33
805
Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогында топ жарды

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогында топ жарды

Грекияда дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі күнге созылған жарыста Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлде жеңіп алып, медаль кестесінде бірінші орынға жайғасты.

Гүлхан Шыңғысхан (-48 кг)
Расул Мұқым (-81 кг)
Әсел Русланова (-48 кг)
Даниял Сейілхан (-50 кг)
Алтынбек Қонысбай (-60 кг)
Нұрдос Досберген (-60 кг)
Марғұлан Игілік (-60 кг)
Әділжан Жаудинов (+90 кг)

Айта кетерлігі, Еуропа кубогіне 29 елден 300-ге жуық жас татами шебері қатысты.