Дзюдодан Grand Slam: Екі спортшымыз кіші финалда жеңіліс тапты

24 Наурыз, 22:55 629

Бүгін Грузия астанасы Тбилисиде дзюдодан кезекті Grand Slam додасы мәресіне жетті. Қазақстандықтар жарысты екі жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы жарыс күнінде Қазақстан сапынан екі спортшы қола медальға күресіп, жеңіліп қалды. 

100 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ислам Бозбаев кіші финалда Австрия балуанына есе жіберсе, аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев Грузия спортшысына жол берді. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы Тбилисиден бір алтын, бір қола медальмен оралады. Алтын медальді 60 келідегі Нұрқанат Серікбаев иеленсе, қола жүлдені 48 келідегі Ғалия Тынбаева еншіледі. 

Зарина Арман
Бөлісу: