Дзюдодан Душанбе Гран Приінде Қазақстан құрамасынан бір спортшы жүлде үшін белдеседі

4 Маусым 2023, 15:30 680

Душанбеден дзюдодан өтіп жатқан Гран При турнирінің соңғы жарыс күнінде қазақстандық балуандар арасында тек Ерасыл Қажыбаев қана доданы жалғастырады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Бүгін -100 және + 100 келіде татамиге шыққан балуандар айтарлықтай үздік нәтиже көрсете алмады. 100 келіде күрескен Сәдуақас Бекарыс алғашқы белдесуінде моңғол балуанынан ұтылса, осы салмақтағы тағы бір дзюдошымыз Сәбит Қайратбек ресейлік спортшыдан аса алмады. 

Аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев бірінші айналымда француз Делверт Клементтен басым түсті. Алайда ширек финалда татами иесі Темур Рахимовтан айласын асыра алмады. Енді отандасымыз жұбаныш белдесуінде бахрейндік спортшы Азамат Шоцаевқа қарсы өткізеді. Бұл белдесуде басымдық танытқан жағдайда Қажыбаев жартылай финалда күресетін бейтарап спортшылар құрамасында күресетін ресейлік Темірлан Башаев пен польшалық Каспер Полшуровкий жұбының жеңімпазымен белдеседі. 

Бұған дейін Душанбек Гран Приінде 66 келіде күрескен Сұңғат Жұбатқан қола жүлдеге ие болған еді. Бұл медаль Қазақстан құрамасы қоржынындағы әзірге жалғыз жүлде болып отыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: