21.07.2022
23:14
2099
Джо Байден коронавирус жұқтырды

Джо Байден коронавирус жұқтырды

АҚШ президенті Джо Байден коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.

– Ол вакцинация курсынан толық өткен, екі рет ревакцина алған және симптомдары жеңіл, - деді Ақ үй өкілдері.

Байден өз резиденциясында оқшауланғаны, бірақ жұмысын жалғастыратыны хабарланды. 

АҚШ президенті әкімшілігінің хаттамасына сәйкес, мемлекет басшысы COVID-19-ға тапсырған сынама теріс нәтиже көрсеткеннен кейін ғана әдеттегі жұмыс форматына орала алады.