Джей Ло Instagram-сторисінде қазақстандық арудың каверін жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
24 тамыз күні әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопес (Джей Ло) Instagram-дағы сторисіне қазақстандық әнші Меруерт Бақыттың орындауындағы Ain’t It Funny әнінің каверін жүктеді.
Меруерт бұл бейнежазбасын Астанадағы танымал ғимараттардың фонында түсіріп, өзінің парақшасына жариялаған болатын. Біраз уақыттан соң Джей Ло оны бүкіл әлемге көрсетті.
Бұл – мен үшін үлкен мойындау, шабыт және жаңа белестерге жетуге зор ұмтылыс, – деп жазды Меруерт Instagram-дағы парақшасында.
Қазақстандық оқырмандар Джей Лоның ықыласына тағы да риза болды. Олар америкалық жұлдыздың аккаунтында 248 миллионнан астам жазылушы барын ерекше атап өтті.
Джей Ло әлі де Қазақстанды жүрегінен шығармаған сияқты, – деп қуана пікір қалдырды желі қолданушылары.