10.08.2025
23:12
726
Дженнифер Лопестің концертіне 20 мыңнан астам көрермен жиналды

Дженнифер Лопестің концертіне 20 мыңнан астам көрермен жиналды

Алматының Орталық стадионында жылдың басты музыкалық оқиғалардың бірі Дженнифер Лопестің Up All Night атты әлемдік туры аясындағы концерті өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Әнші бұл турмен алғаш рет Қазақстанға келіп, алдымен Астанада өнер көрсетті. Енді жанкүйерлердің көптен күткен өтініші бойынша Алматыға табан тіреп отыр.

Әкімдік ұсынған ақпаратқа сүйенсек, стадионда 20 мыңнан астам көрермен жиналған, олардың қатарында 35-тен аса елден келген мыңдаған шетелдік турист бар.

Біз бұған дейін еріктілер мен стюардтар Дженнифер Лопес концертіне келген көрермендерді орындарына орналастыруға көмектесіп жатқаны туралы жаздық.