28.05.2025
10:15
915
Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттер қаншадан сатылып жатыр

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттер қаншадан сатылып жатыр

Бүгін Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттер сатылымға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара 10 тамыз күні Орталық стадионда өтеді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, сатылым тек сайттағы виртуалды күту парағы арқылы жүргізіледі. Бұл жолы бір адамға 10 билеттен артық сатылмайды. Ал билет бағасы: 40-160 мың теңге көлемінде. Сахнаның алдындағы орындар 180 мың теңгеден саудаланғалы жатыр.

Еске сала кетейік, әншінің Астанадағы концерті 1 тамызға жоспарланған.