10.08.2025
20:18
444
Дженнифер Лопес концерті: Еріктілер көрермендерге көмектесуде

Дженнифер Лопес концерті: Еріктілер көрермендерге көмектесуде

Алматыда еріктілер мен стюардтар Дженнифер Лопес концертіне келген көрермендерді орындарына орналастыруға көмектесуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Алматыдағы Орталық стадионда әлемдік турдың Up All Night бағдарламасы аясында көптен күткен Дженнифер Лопестің концерті басталды. Әлемдік деңгейдегі бұл сахна жұлдызы тұңғыш рет Қазақстан көрермендерімен жүздесіп отыр.

Ерекше сәтті тамашалау үшін 35-тен астам елден қонақтар жиылып, мыңдаған турист арнайы Алматыға ат басын бұрды. 

Секторлардың кіреберісінде қонақтарды стюардтар мен еріктілер жылы шыраймен қарсы алып, қажетті қатар мен орынды табуға бағыт беріп жүр, үлкен алаңда орын табуға бағыт-бағдар көмектесуде. Олардың тиянақты еңбегінің арқасында көрермендерді орналастыру үдерісі тез әрі артық қарбалассыз өтуде. Осылайша, жұрт мерекелік көңіл-күйге бөленіп, Джей Лоның сахнаға шығуын асыға күтуде,-деп атап өтті қала әкімдігі.

Бұған дейін туристік полиция Дженнифер Лопес концертіне келген қонақтарды қалай қарсы алып жатқаны белгілі болды.