22.10.2025
11:40
681
Джеки Чан фильміне қазақстандық режиссерді шақырды

Джеки Чан фильміне қазақстандық режиссерді шақырды

Джеки Чан «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің режиссері ретінде қазақстандық кинематографист Роберт Кунді таңдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Роберт Кун – Қазақстаннан шыққан режиссер. Ол Disney, Paramount, Universal, 20th Century Fox студиялары үшін экшн-сцена режиссурасын жасаған, сондай-ақ «Особо опасен», «Он – дракон», «Президент Линкольн: Охотник на вампиров», «Майор Гром: Игра» және тағы басқа фильмдердің түсірілімінде жұмыс істеген.

Salem Entertainment компаниясының хабарлауынша, «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмін түсіру 2026 жылдың көктемінде басталады.

25 қыркүйекте Қазнетте Джеки Чанның Алматыға келген фотосуреттері мен видеолары жарияланды. Әлеуметтік желі қолданушылары оның Қазақстанға қандай мақсатпен келгеніне қатысты да түрлі болжам айтқан: біреулер «Қайрат» – «Реал» матчын көруге келді десе, енді бірі Димаш Құдайбергенмен кездеседі деді. Алайда кейін Джеки Чанның өзі лемізге ат басын бұруының себебін айтты. Ол Алматыда «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі үшін арнайы орындарды зерттеуге келген екен.

Естеріңізде болса, бұған дейін Димаш Құдайберген Джеки Чанның фильмінің саундтрегін орындаған еді.