13.02.2023
09:02
1238
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 13 ақпан күні болатын ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.


Дүйсенбі күні шығыс аймақтарда қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Сондай-ақ батыс аймақтар мен ҚР оңтүстігінің таулы аудандарында жаңбыр және қар еріп жауады.

Оңтүстік-шығыста, солтүстікте және орталықта – ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман және көктайғақ күтіледі.