Дүйсенбіде елдің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады

22 Мамыр 2023, 07:26 464

22 мамырда күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» таратқан мәліметке сүйенсек, бұған атмосфералық фронттардың әсері ықпал етіп, елдің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Атап айтқанда, жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, облыстың батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Павлодар облысының шығысында, орталығында, Ұлытау облысының орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының Бесқарағай ауданында қауіпті өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

EL.KZ
Бөлісу: