«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек». Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді

23 Қараша, 23:49 495

Халық әртісі Мақпал Жүнісова тележүргізуші Дина Төлепбергенге берген сұхбатында хейтерлерге жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

60 жастағы Жүнісовамен болған сұхбаттан үзіндіні Төлепбергеннің өзі Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Әнші біреуден кешірім сұрайтындай әрекет жасамағанын айтады.

Кешірім сұрайтындай ешкімнің басын жарған жоқпын. Ешкімді атып тастаған жоқпын. Әлеуметтік желіде өздеріңіз ушықтырып алып кеттіңіздер. Бірақ содан бері талай концертке бардым, халық құшақтап, ыстық ықыласпен қарсы алып жатыр, - деді өнер иесі.

Халық әртісі өзін сынағандарға да жауап берді.

Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек. Олардың да қышуы қансын. Хейтерлерді айтамын. Әбден тойлады, ауыздарына келгенін айтты. Жақсылап тұрып сынады. Айтсын. Ешкімді қарғағым да келмейді, ешкімге «ауыздарыңды жабыңдар, жазғандарыңды өшіріңдер» деп те айтпаймын. Сол видеоларыңды жастықтарыңның астына қойып, жастанып жатыңдар. Мүмкін содан бақытты болатын шығарсыздар, - деді Жүнісова.

Перизат Саденова
Бөлісу: