26.07.2023
06:30
1237
Дүниежүзілік студенттік универсиадаға Қазақстаннан 90 студент-спортшы аттанады

Дүниежүзілік студенттік универсиадаға Қазақстаннан 90 студент-спортшы аттанады

Ғылым және жоғары білім министрлігінде студенттік спорт лигасын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Кеңеске Мәдениет және спорт министрлігінің, бейінді жоғары оқу орындарының және University League өкілдері қатысты.

Кездесуде студенттік спорт лигасын дамыту мәселелері, сондай-ақ Министрліктің студенттерді халықаралық және республикалық деңгейдегі спорттық іс-шараларға тарту бойынша қабылдаған шаралары талқыланды.

«Өздеріңіз білетіндей, Министрлік жоғары оқу орындары білім алушыларының арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты және мәдени өмір салты қағидаттарын қалыптастыра отырып, жеңіске ұмтылу, жоғары нәтижелерге қол жеткізу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ, біздің студенттер Дүниежүзілік қысқы және жазға универсиадаларға белсенді қатысады. Міне, бірнеше күннен соң Қытайда XXXI жазғы Дүниежүзілік  студенттік универсиада басталады. 90 студент-спортшы 11 спорт түрінен Қазақстанның намысын қорғайтын болады», - деді Саясат Нұрбек.