04.12.2024
15:56
1112
Дулат Бекбауов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Дулат Бекбауов Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстан құрамасының боксшысы Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1/4 финалда қазақстандық боксшы малайзиялық Ариф Мұхаммадқа қарсы жекпе-жек өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Бекбауов жекпе-жек барысында толық үстемдік танытып, қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта кездесу тоқтатылып, Дулат жартылай финалға өтті. Осылайша, ол Азия чемпионатының медалін иеленді.