Дудник ҰҒТО орталығында болды

11 Тамыз 2022, 22:43 955

Вице-министр Қазақстан азаматтарына медициналық көмек көрсетуді қосымша қаржыландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник "Академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы" ШЖҚ РМК-нің жұмысымен танысты, деп хабарлайды EL.KZ.

Вице-министр Қазақстан азаматтарына медициналық көмек көрсетуді қосымша қаржыландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Күрделі патологиялары бар адамдар ем іздеп әр аймақтардан келеді. Олар емханаға келгесін не істеу керектігін білмейді. Осы науқастарға көмектесе алатын жоғары білікті мамандар академик Батпенов атындағы ҰҒТОО-да жұмыс істейді, - деді Вячеслав Дудник.

Айта кетерлігі, орталыққа күн сайын асқынған жарақаттар мен тірек-қимыл аппараты аурулары бар науқастар қабылданады, күніне 45 ота жасалады.

Сондай -ақ, кездесу барысында травматология және ортопедия бағытындағы медицина мамандарының біліктілігін арттыруды дамыту - жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін қосымша гранттар бөлу мүмкіндігі мәселелері талқыланды.

Бұдан әрі Вячеслав Дудник стационарлық және диагностикалық бөлімшелердің, сондай-ақ операциялық блоктың жұмысымен танысты.

Орталық директоры Олжас Бекарысов Академик Н.Д. Батпенова ат. ҰҒТОО медицина қызметкерлерінің жоғары қызығушылығын атап өтіп, ғылыми зерттеулер жүргізуде орталық 14 патент пен авторлық куәлік алғанын хабарлады.

Бүгінгі таңда ҰҒҚТҰ ұзын сүйектердің сүйек тінінің репаративті регенерациясы бұзылған науқастарды емдеуде жасушалық технологияларды әзірлеуде және зақымдалған буындарды қалпына келтіру үшін инновациялық тіндік инженерия технологияларын медициналық тәжірибеге енгізуде.

EL.KZ
Бөлісу: