29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыДубайда әлемдегі ең биік тұрғын үй атануы мүмкін жаңа зәулім ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Business Bay ауданында бой көтеріп жатқан Burj Binghatti Jacob & Co Residences ғимаратының биіктігі 557 метрге жетеді.
100 қабаттан асатын зәулім ғимарат
Ғимарат 100-ден астам қабаттан тұрады. Құрылыс аяқталғаннан кейін мұнара әлемдегі ең биік тұрғын үй ғимараты болуы мүмкін.
Қазір бұл рекорд Нью-Йорктегі Central Park Tower ғимаратына тиесілі. Оның биіктігі – 472 метр. Ал Дубайдағы жаңа мұнара одан шамамен 85 метр биік болады.
Жобаны Дубайдың Binghatti Developers девелоперлік компаниясы мен Нью-Йоркте орналасқан зергерлік және сағат бренді Jacob & Co. бірлесіп жүзеге асырып жатыр.
Мұнараның дизайны несімен ерекше?
Мұнараның сәулеттік келбетіне Jacob & Co. брендінің сағаттары мен зергерлік бұйымдары негіз болған. Ғимараттың жоғарғы бөлігіндегі ромб пішінді үшкір элементтер қырланған асыл тас бейнесінде жасалған.
Жоба авторлары осылайша заманауи сәулет пен зергерлік өнердің ерекшеліктерін бір ғимаратта үйлестіруге тырысқан. Зәулім мұнара Дубайдың сәулеттік келбетін толықтыратын жаңа нысандардың біріне айналмақ.
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Жоспар бойынша Burj Binghatti Jacob & Co Residences құрылысы 2027 жылы аяқталады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек