03.06.2022
09:10
2778
Дубайда 1,5 мың қазақcтандықтың жылжымайтын мүлігі бар

Дубайда 1,5 мың қазақcтандықтың жылжымайтын мүлігі бар

Дубайда 1,5 мың қазақстандықтың жылжымайтын мүлігі бар. Бұл туралы  Еуропа салық обсерваториясы жариялаған баяндамада белгілі болды,- деп хабарлайды El.kz.

Еуропа салық обсерваториясы сарапшыларының мәліметінше, 800 мың шетел азаматының жылжымайтын мүлігі тіркелген.

Құжатта келтірілген мәліметке сенсек, офшорлық жылжымайтын мүліктің үлесі басым. Шетелдік бай-манаптар Дубайдағы жылжымайтын мүлікке 146 миллиард долларға жуық инвестиция салған.

Аталмыш баяндамада 1550 қазақстандықтың иелігіндегі 2694 нысан бар екені айтылған. Олардың жалпы сомасы 1,018 млрд долларды құрап отыр.

«Дубай – қазақтардың екінші астанасы» деген қалжың  тегін айтылмаса керек.