Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы онда тұрып жатқан отандастарымызға үндеу жасады. Олардан қолдау көрсетіп, белсенді азаматтық позиция таныту сұралады, деп хабарлайды El.kz.
Қазіргі уақытта БАӘ аумағында қысқа мерзімге келген немесе транзитпен бара жатқан Қазақстан Республикасының көптеген азаматтары бар. Қалыптасқан жағдайда оларға уақытша көмек пен қолдау қажет болуы мүмкін. Егер Сізде жәрдемдесу мүмкіндігі болса (уақытша орналастыру, тамақтандыру немесе өзге де маңызды көмек), төменде көрсетілген контактілер бойынша хабарлауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, қиын жағдайда қалған Қазақстан азаматтары туралы білсеңіз, дипломатиялық миссияларға хабарлаңыз, — делінген әлеуметтік желілерде жарияланған үндеуде.
Байланыс телефондары:
Сонымен қатар, Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыста жүрген 735 жолаушыны өз қаражаты есебінен қонақүйлерге бір тәулікке орналастырғанын хабарлады. Бұдан әрі болуды ұйымдастыру, заңгерлік көмек алу немесе елге қайту мәселелерін шешу үшін жолаушылар СІМ сайтында жарияланған жедел желі нөмірлеріне хабарласуы тиіс.
Еске сала кетейік, қазақстандықтар әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Дубайдан ұшып шыға алмай жатыр.
ҚР СІМ және шет елдердегі мекемелердің жедел желі нөмірлері
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан СІМ шұғыл байланыс нөмірлерін ұсынады:
ҚР Сыртқы істер министрлігі:
Ирандағы Елшілік (Тегеран):
Горган қаласындағы Бас консулдық:
Бандар-Аббастағы Консулдық:
Басқа елдердегі Елшіліктер:
Иордания:
БАӘ (Әбу-Даби):
Дубай (Бас консулдық):
Сауд Арабиясы:
Катар:
Кувейт:
Ливан:
Бахрейн:
Израиль: