Эмиратта жаңа ірі туристік нысан – «Дубай Терм» ғимараты салынбақ. Жобаның құны шамамен 550 млн долларды құрайды , деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
100 метрлік кешенде су-сауық орталығы, аквапарк және әлемдегі ең үлкен жабық ботаникалық бақ болады. Нысан Zaabel паркінде орналасып, 2028 жылы пайдалануға беріледі. Жаңа кешен жыл сайын 1,7 млн келушіні қабылдауға арналған.
Бұған дейін дәл осы Дубай қаласында әлемдегі ең биік қонақүй салынғанын хабарлаған едік.