ДСМ коронавирусқа байланысты ескерту жасады

16 Тамыз, 11:50 562

Денсаулық сақтау министрлігі елде респираторлы вирустар, соның ішінде КВИ таралып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство дерегінше, жыл басынан бері КВИ бойынша 1 290 жағдай тіркелді. Қайтыс болғандар жоқ.

Бұл ретте ЖРВИ, вирусты пневмония және КВИ жұқтырып ауруханаға түскендердің жоқтығын айта кету керек, бұл КВИ бойынша дерт ағыны жеңіл түрде өтіп жатқанын көрсетеді. Сонымен секвенирлеудің соңғы деректеріне сәйкес, Қазақстанда әлемдегідей 100 пайыз жағдайда Омикрон штаммының түрлі нұсқалары айналыста жүр, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым мерзіміне профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілетінін еске салды:

2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;

Медициналық ұйымдарда: кіреберісті «сүзгі» жұмысымен қамтамасыз ету, бетперде тағу, антисептиктердің болуы;

ЖРВИ, тұмау байқалған бір жасқа дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдердің үйге шақыртуына бірінші кезекте қызмет көрсету қарастырылған.

Тұмау, ЖРВИ, КВИ ауруларының алдын алу үшін мынадай профилактикалық шаралар жүргізу ұсынылады: ғимараттың ішін жиі-жиі желдетіп отыру, қолды таза ұстау үшін антисептикалық құралдарды пайдалану, науқас адамдармен байланысты шектеу, ауырып тұрған адамдармен байланысқан жағдайда бетперде тағу, медициналық көмекке дер кезінде жүгіну.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: