Достық үйіндегі ашық сабақ

20 Наурыз 2018, 12:43 1940

Ағымдағы жылдың 20 наурыз күні, Достық үйінде, Достық үйіндегі «Мемлекеттік тілді үйрену» курсына қатысушы өзге этнос өкілдері  арасында ұйымдастырылған ашық сабақ өтті.

Сабақ облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары,  хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбайдың алғысөзі, ақ батасымен, «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Т.Қасымберкебаевтың Наурыз тілегімен басталды.

Сабақ барысында қатысушылар  «Кім  жылдам?», «Кім білгір?»   бағыттарында Наурыз мейрамын әлемде қалай тойлайтынын және олардың салт-дәстүрлері бойынша білім сайыстырды.

Ақсұңқар АҚЫНБАБА, Мемлекеттік тілді оқытушы:

Ашық сабақ  тәжірибелік-прагматикалық  бағытта, әрі сабақ, әрі ойын түрінде ұйымдастырылды. Наурызға орай ұйымдастырылған мерекелік сабақ болғандықтан, Ұлыстың ұлы күніне тән салт-дәстүрлер бойынша  білім сайысымен қатар, ұлттық ойындар сайысын да қамтыдық.  Қатысушы түрлі этнос өкілдері өз білімдерін таза қазақ тілінде жеткізді. 

Мерекелік сабақта  қамтылған сұрақтар: Әлем  халықтары Наурыз   мейрамын қалай тойлайды, Наурызкөже,  Наурыз көженің  7 компонентінің  символы, Наурыз дастарханда  қойылатын  ұлттық тағамдар, Наурызбата,  ұлттық ойындар, ұлттық сайыстар, т.б.

Ашық сабақ соңында «Қаражорға» биін билеп, халық әндерін айтып, арнайы дайындалған Наурыз дастарханынан дәм татып,   тілектерін білдіріп тарқасты.

 

Бөлісу: