Ерболат Досаев Мемлекет басшысына Алматының даму қорытындысы туралы есеп берді, El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы әкімі Ерболат Досаев биылғы 7 айдағы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп берді. Қала экономикасы қарқынды дамып келеді. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 16%-ға, ал іскерлік белсенділік индексі 54,7%-ға дейін өсті. Өсудің негізгі драйверлері – өңдеу өнеркәсібі және сауда. Экономиканың дамуы 38 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Жыл басынан бері қала экономикасына 750 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Алматы еліміздің мемлекеттік бюджетінің бас доноры болып қала береді.
Туристерге көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға баса мән беріледі. 2025 жылдың соңына қарай шетелдік туристер санын 450 мыңнан 600 мыңға дейін көбейту - қалаға жүктелген міндеттің бірі.
Көлік жүйесінің тиімділігін арттыру үшін әкімдік 5 жаңа полиорталықтың дамуын ескеріп, қаланың көлік қаңқасын әзірлеп жатыр. Соның нәтижесінде қарбалас шақта қозғалыс аралығын қазіргі 30 минуттан 5-10 минутқа дейін қысқарту көзделген.
Мегаполисте білім беру және медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қолға алынған. Қаланың жұмыс істеп тұрған 10 ірі көпсалалы стационары мен перзентханасы салынып, жаңғыртылып жатыр.
Жыл соңына дейін 5 670 орындық 11 мектеп пен қосымша ғимараттар пайдалануға беріледі. Келесі жылы 860 орындық 4 мемлекеттік балабақша ашу жоспарға енген.
Қаланы дамытудағы негізгі сын-қатердің бірі сумен үздіксіз қамтамасыз ету және жаңа көздерін пайдалану екені белгілі. Мегаполис тұрғындарын 100% орталықтандырылған сумен қамту үшін 4 жаңа су жинағышты жобалау мен салу қолға алынды.
Бұған қоса, қаланың коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту аясында жыл сайын жылу, су және электрмен жабдықтау желілерінің тозу көрсеткішін азайту жоспарланған.