Допинг қолданған: UFC-ден үш спортшы шеттетілді

18 Қазан 2023, 16:28 837

Невада штатының Атлетикалық комиссиясы допинг қолданғаны үшін үш бірдей спортшы UFC-ден шеттетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауыр салмақта айқасатын америкалық Уолт Харрис 12 айға дисквалификация алған. Оның допинг-сынамасынан метаболикалық стероид дростанолон анықталған. Осымен Харристің UFC-де екінші рет допинг-сынамасы оң нәтиже беріп отыр. 2019 жылы оның ағзасынан LGD 4033 анықталған болатын. Калифорнияның Атлетикалық комиссиясы (CSAC) оны төрт айға спорттан шеттетіп, UFC 232 турниріндегі жеңісі жоққа шығарылды.

Жартылай орта салмақ өкілі Даниэль Родригес алты айға жазаланды. Америкалық файтердің қанынан остарин мен лигандрол табылған.

Бразилиялық спортшы қыз Майра Буэно Силва төрт жарым ай жарыстарға қатыса алмайды. Осы осы жазда екінші раундта Холли Холмды қылқындыру әдісімен жеңген болатын.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: