28.04.2025
14:03
2045
Дональд Трамп Рим Папасын жерлеу рәсіміне киіп келген киімі үшін сынға қалды

Дональд Трамп Рим Папасын жерлеу рәсіміне киіп келген киімі үшін сынға қалды

АҚШ президенті Дональд Трамп Рим Папасы Францискті жерлеу рәсіміне киген киімі үшін көпшіліктен сөз естіді. Оқырман қауым Трампты X әлеуметтік парақшасында сынап тастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ватикан қоштасу мессысына қатаң дресс-код енгізген: ер адамдар рәсімге қара костюм, ұзын қара галстук және ақ жейде киіп келуі керек еді. Алайда АҚШ-тың бұрынғы президенті бұл талапты елемей, жұрт алдына көк костюм мен дәл сондай түсті галстукпен шықты.

Мессаны онлайн қарап отырғандар Трамптың киім үлгісіне ашуланды.

«Трамп — Папа Францисктің жерлеу рәсіміне ашық көк костюм киіп келген жалғыз ірі тұлға», «Трамп Папаның жерлеуінде назар аудартуға тырысып жүр», «Қара галстук тағуға да ар-ұяты жетпеген бе?», «BBC News арқылы жерлеу рәсімін қарап отырмын. Барлығы қара киімде, ал Трамп көк костюммен. Ешқандай құрмет жоқ», «Ол мүлдем орынсыз көрініп тұр», — деп өз наразылығын білдірді.