АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесі бойынша қойылған ультиматумның мерзімін қысқартатынын мәлімдеді, деп жазады El.kz интернет порталы.
Бұл туралы ол 28 шілдеде Шотландияда Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен өткен келіссөздерден кейін журналистерге айтты.
Мен жаңа мерзімді белгілеймін – бүгіннен бастап 10 немесе 12 күн, – деді Трамп.
Сондай-ақ АҚШ басшысы: «50 күн күтуге еш себеп жоқ», – деп қосты.
Мен кеңпейіл болғым келді, бірақ ешқандай ілгерілеу байқалмай тұр, – деді ол.