Домбырада ойнап үйреніңіз! Дәріс №16

12 Тамыз 2020, 11:57 2042

Жанғали Жүзбаевтың "Кетбұғы" күйін үшішекті домбырада орындау 

Күйші-зерттеуші Ардаби Мәулетұлы бұл жолы үш ішекті домбырада ойнап үйренудің қыр-сырымен бөліседі, оның құрылысын таныстырады. Сонау Абылайхан заманынан келе жатқан бұл ежелгі аспаппен сол кезеңде белгілі адуынды жыршы Байжігіт күй тартқан дейді. Үшішекті домбыраның бірі тіпті Абайдың қолы тиген қымбат жәдігерлердің бірі ретінде Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайында сақтаулы.

Сирек қолданылатын үш ішекті домбыра негізінен Шығыс және Орталық Қазакстан өңірлерінде көп дамыған. Кәдімгі екі ішекті домбыраның құрылысынан және жасалу тәсілінен айырмашылығы жок. Аспап ішек санымен және орындалатын шығармаларымен ерекшеленеді. Шанағы ұзынша, бұрышты, бет тақтайы қайыннан жасалған, шегелермен бекітілген, мойыны жалпақтау болып келеді.

Ардаби Мәулетұлы белгілі күйші Жанғали Жүзбаевтың «Кетбұғы» күйін орындап отыр. Ел ішінде «Күй атасы — Кетбұғы» деген сөз бар. Кетбұғының заманы Ұлытаудағы Жошы ұлысының кезіне сай келеді. Жошымен бірге Палестинаға дейінгі жорыққа қатысқан Кетбұғы биден «Ақсақ құлан» деген күй қалған.

Сол жаугершілік заманның қасіретін «Кетбұғы» күйіне сыйдырған Ж.Жүзбаевтың бұл күй туындысының әуені мен әуезі бөлек, құлақтан кіріп бойды алғандай.   

EL.KZ
Бөлісу: