Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті

11 Қазан 2022, 16:04 2013

Ұлттық банктің 11 қазандағы ресми бағамы 1 долларға - 473, 38 теңге

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,42 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 474, 95 теңге.

Ұлттық банктің 11 қазандағы ресми бағамы 1 долларға - 473, 38 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 476 теңге, сатып алу – 480 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 478,5 теңге.

Ресей рублі 7,11 - 7, 31 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 11 қазан күні ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,62 теңге.

Бөлісу: