Ұлттық банк доллар мен рубльдің 20 қыркүйектегі ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды El.kz
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 477, 54 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,30 теңгеге өсіп, 7,95 теңге болды.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475 – 480 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 474 – 479 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,35 – 7,65 теңге аралығында сатып алу ұсынылып отыр.