16.06.2022
16:35
2383
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті

Қор нарығында доллар 442,17 теңге болды деп хабарлайды El.kz порталы.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар құны 3,59 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 442,17 теңге.
Ұлттық банктің 16 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 438,43 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 440,98 теңге, сатып алу – 445,60 теңге.
Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату – 442,86 теңгеден болса, сатып алу құны – 445,50 теңге.