Доллар бағамы өсіп жатыр

22 Маусым 2022, 10:46 1189

Ұлттық банктің 22 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447, 93 теңге.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде сейсенбімен салыстырғанда доллар бағамы артты, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,5 - 450 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 448 - 452,5 теңге аралығында құбылып тұр.

21 маусымдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы бірден 4,57 теңгеге қымбаттап, 448,32 теңге болды. Ұлттық банктің 22 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447, 93 теңге.

Бөлісу: