Доллар 8 теңгеге қымбаттады

12 Шілде 2022, 18:42 971

Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 464,85 теңге

Доллар бағамы қайта өсті, деп хабарлайды El.kz KASE қор нарығына сілтеме жасап.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 8,12 теңгеге көтерілді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 473,38 теңге.

Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 464,85 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 473 теңге, сатып алу – 477,50 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу құны – 475,50 теңге.






Бөлісу: