Доллар бағамы үш теңгеге арзандады

28 Ақпан 2023, 17:22 1074

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,01 теңгеге төмендеп, 1 доллар 445, 82 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 28 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 449, 14 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 445 теңге, сатып алу – 448,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 444 теңгеден болса, сатып алу – 447.

Алматыда Ресей рублі 5,8– 6,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,88 - 5,93 теңгеден сатылуда.

EL.KZ
Бөлісу: