Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сауда нәтижесінде доллардың орташа құны 1,71 теңгеге қымбаттап, 526,79 теңге деңгейінде қалыптасты. Ал Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы - 524,94 теңге.
Kurs.kz дерегінше, Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллар 526,78 теңгеден сатып алынып, 528,77 теңгеден сатылып жатыр.
Еуроның бағамы - 605,10-610,68 теңге,
рубль - 6,41-6,53 теңге,
ал юань - 74,17–76,87 теңге аралығында саудалануда.
Елордадағы (Астана) айырбастау орындарында бағам сәл өзгеше:
Айта кетсек, 5 қарашада өткен сауда-саттықта доллардың орташа бағамы 2,2 теңгеге қымбаттап, 524,94 теңгеге жеткен еді.
Сарапшылардың пікірінше, валюта нарығындағы соңғы өзгерістерге сыртқы экономикалық факторлар мен мұнай бағасының ауытқуы әсер етіп отыр.