04.11.2022
17:48
1991
Доллар бағамы өсті

Доллар бағамы өсті

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,58 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 464, 45 теңге.

Ұлттық банктің 4 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 463, 60 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 465 теңге, сатып алу – 469 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 466 теңгеден болса, сатып алу құны – 468 теңге.

Ресей рублі 7,08 - 7, 28 теңге аралығында саудаланып жатыр.