Доллар бағамы көтерілді

31 Наурыз 2023, 17:27 1995

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,44 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 451,71 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,81 теңге.

Ұлттық банктің 31 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 448,05 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 450, сатып алу – 454 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 451 теңге болса, сатып алу құны – 453,5 теңге.

Ресей рублі 5,7 – 5,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: