Доллар бағамы айтарлықтай төмендеді

11 Қараша 2022, 19:41 2086

Қазақстан қор биржасында доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды El.kz

Кешкі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы тағы 6,78 теңгеге төмендеп, 1 доллар 461, 95 теңге болды. Ұлттық банктің 11 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 469, 42 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 464 теңге, сатып алу – 468 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463,5 теңгеден болса, сатып алу – 466. Ал, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,64 теңгеге дейін көтерілді. Ресей рублі 7,22- 7,42 теңге аралығында саудаланып жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: