Доллар бағамы 6 теңгеге арзандады

2 Наурыз 2023, 17:13 1202

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 5,98 теңгеге төмендеп, 1 доллар 435,69 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 434 теңге, сатып алу – 439 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 435 теңгеден болса, сатып алу – 438 теңге.

Алматыда Ресей рублі 5,65 – 5,95 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,7 - 5,78 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 2 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 442, 11 теңге болды.

EL.KZ
Бөлісу: