Доллар бағасы өсті

7 Қазан 2022, 15:45 1724

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті

KASE қор нарығында доллар бағамы 3 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды El.kz

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 472, 04 теңге.

Ұлттық банктің 7 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 468, 75 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 472 теңге, сатып алу – 476 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 470,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 474,5 теңге.

Ресей рублі 7,35 - 7, 55 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 7 қазан күні ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 7,77 теңге.

Бөлісу: