Доллар бағамы арзандады

27 Тамыз 2022, 17:30 1000

Доллар бағамы 4,76 теңгеге төмендеді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 4,76 теңгеге төмендеп, 1 доллар 468,10 теңге болды.

Ұлттық банктің 27 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 472,20 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 469 теңге, сатып алу – 473 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 468 теңгеден болса, сатып алу – 473 теңге.

Бөлісу: