Dolce&Gabbana иттерге арналған 51 мың теңгелік парфюм шығарды

7 Тамыз, 18:10 668

Dolce&Gabbana танымал италиялық сән үйі иттерге арналған Fefé деп аталатын парфюм шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтының сыртындағы иттің аяғы 24 караттық алтынмен қапталған. Бұл иіссуды 99 еуроға, шамамен 51 мың теңгеге алуға болады.

Компания ешбір жануар зардап шекпегенін алға тартты. Себебі олардың қауіпсіздігі сән үйі үшін өте маңызды екені көрсетілген.

Парфюмнен иланг-иланг, мускус және сандал ағашының иісін сезуге болады екен.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: