Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің екінші айналымына өтті

9 Сәуір, 17:34 601

Әлемнің 236-ракеткасы Дмитрий Попко Сарасоте (АҚШ) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰОК мәліметінше, қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің – 102, осы жарыстың 1-ракеткасы Джеффри Джон Волфты ұтып кетті.

Бірінші партияда Попко тай-брейкте қарсыласынан айласын асырды – 7:6 (7:5). Ал екінші сетте бет қаратқан жоқ – 6:1.

Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін америкалық тәжірибелі теннисші, рейтингіде 284-орындағы Теннис Сандгренмен жолығады. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: