Дмитрий Баландин мен Нариман Құрбанов ЮНЕСКО-ның семинарына қатысты

2 Қараша, 04:23 384

1 қараша күні Алматы қаласында Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі тақырыбына арналған семинар өтті. Іс-шараны ЮНЕСКО Ұлттық Олимпиада комитетінің қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы семинар өткізілген алтыншы қала болды. Бұған дейін мұндай оқыту шаралары Орал, Қостанай, Астана, Түркістан және Ақтөбе қалаларында өтті.

Бағдарламаның мақсаты – дене шынықтыру мұғалімдері, спорт қызметкерлері, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау және бұқаралық ақпарат құралдары саласының мамандары арасында кәсіби стандарттарды арттыру.

Одан бөлек, оқыту бағдарламасының бір бөлігі ретінде жастардың қазақстандық танымал спортшылармен кездесулері өткізіледі. Алматыда өткен шарада жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин және спорттық гимнастикадан Париж ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов қатысты.

Перизат Саденова
Бөлісу: