Диспетчер ұйықтап қалып, ұшақ жарты сағат қона алмай жүрген

Диспетчер ұйықтап қалып, ұшақ жарты сағат қона алмай жүрген

Air Corsica компаниясының Париж–Аяччо бағыты бойынша рейсі Аяччо әуежайына жақындаған кезде шамамен жарты сағат бойы әуе үстінде ұшып жүрді. Себебі, әуежай диспетчері кезегінде жалғыз болып, ұйықтап кеткен деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Диспетчер ұйықтап қалғандықтан, 2 400 метрлік бір ғана ұшу-қону жолағының жарығы қосылмаған. Пилоттар нұсқаусыз қалды, радиобайланыс арқылы байланысу әрекеттері нәтиже бермеді. Алайда әуежайдың өрт қызметі полицияны шақырып, қызметкерлер ояттып алған.

Францияның авиациялық басқармасы инцидентті «беймәлім жағдай» деп сипаттап, ішкі тергеу жүргізуге кірісті.