Еліміздегі цифрлық кадрлар даярлауға бағытталған бастамалардың бірі – Tomorrow School білім беру ордасы 13-легіне қабылдауды бастады. Бағдарлама Аlem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба IT-мамандарды теориядан гөрі нақты тәжірибе арқылы дайындауға бағытталған.
Tomorrow School – Astana Hub бастамасымен құрылған Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer форматындағы оқу кеңістігі. Мұнда дәстүрлі дәрістер болмайды: қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, нақты компаниялардан алынған тапсырмаларды орындай отырып үйренеді. Яғни студенттер оқу барысында-ақ жұмыс берушілер бағалайтын дағдыларды меңгереді.
Бұл – Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект мектебі, инновациялық peer-to-peer (тең-теңімен үйрену) моделіне негізделген білім беру бастамасы. Жоба 01 Edu платформасында іске асады және бағдарламалау тәжірибесі болмаса да қатысуға мүмкіндік береді.
Мектептің басты ерекшелігі – мұнда мұғалімдер мен дәстүрлі лекциялар жоқ. Студенттер бір-біріне көмектесу, топтық шешім қабылдау және нақты өмірдегі міндеттерді орындау арқылы білім алады. Мұндай тәсіл командалық жұмыс, бейімделу және дербес ойлау қабілеттерін дамытады.
Жоба цифрлық экономикаға қажетті бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған және IT-ге дипломсыз кіруге мүмкіндік беретін балама білім беру моделі ретінде қарастырылады.
Оқи отырыңыз:
Негізгі бағдарлама шамамен 18 айға созылады, кейін жасанды интеллект бойынша қосымша мамандану кезеңі беріледі. Әр студент өз қызығушылығына қарай жеке оқу траекториясын таңдай алады.
Бағыттар қатарында:
Оқу форматы толықтай икемді – кампус тәулік бойы ашық, студенттер өз қарқынымен білім алады.
Бағдарлама барысында қатысушылар 50-ден астам жобаны орындап, толыққанды портфолио жинайды, ал үздік студенттер стартап байқауларына қатысып, инвестиция да тарта алған жағдайлар бар.
Мектепке қабылдану үшін жас сұралмайды, диплом немесе тәжірибе де талап етілмейді. Негізгі критерий – мотивация, өзін-өзі оқуға дайындық және командамен жұмыс істей білу.
Бүгінде мектепте жүздеген студент білім алып жатыр, ал ашылғаннан бері ондаған мың адам өтінім берген.
13-лекке өтінімдер 17 ақпан мен 27 наурыз аралығында қабылданады. Қатысқысы келетіндер осы сілтеме арқылы «Білім беру» бөлімін таңдап, Аlem.ai орталығында орналасқан Tomorrow School-ға тіркеле алады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бағдарлама IT-ге енді қадам басқандарға да, дағдыларын күшейткісі келетіндерге де арналған. Басты талап – тұрақты түрде тапсырма орындап, қауымдастықпен бірге дамуға дайын болу.