Афины қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық еркін күрес балуаны Дінмұхаммед Қасымбек қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қасымбек жарысты сенімді бастады. Алғашқы айналымда ол болгариялық Валентин Атанасевті 10:0 есебімен жеңсе, 1/8 финалда польшалық қарсыласын дәл осындай есеппен (10:0) айқын басымдықпен ұтты. Ширек финалда өзбекстандық балуанды 5:2 нәтижесімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Бұл кезеңде ирандық спортшыға 11:4 есебімен жол берді.
Алайда үшінші орын үшін өткен белдесуде Дінмұхаммед Молдова балуаны Иван Паслариден 5:4 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатының жүлдегері атанды.