Діни бірлестік өкілдері коммуналшыларға бауырсақ пен шай тартты

Діни бірлестік өкілдері коммуналшыларға бауырсақ пен шай тартты

Астанада діни бірлестік өкілдері қала тазалығына жауапты коммуналшыларға ыстық шай мен бауырсақ таратты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

«Таза Қазақстан» экологиялық ақциясы аясында өткен іс-шара «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануы және «1 наурыз – Алғыс айту күні» қарсаңында ұйымдастырылып отыр. 

Акцияда барлығы 60 қызметкерге жуық қамтылды. Ұйымдастырушылар елорданың тазалығы мен қажымас еңбектеріне алғыс білдірді.