12.08.2025
23:12
902
Динара Зәкиеве Дженнифер Лопес концертінде ерікті болғандарға қатысты пікір білдірді

Динара Зәкиеве Дженнифер Лопес концертінде ерікті болғандарға қатысты пікір білдірді

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Дженнифер Лопестің Алматыда өткен концертінде ерікті болған жасөспірімдерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы балалар омбудсмені желі парақшасында жазды. 

Барлық мән-жайды зерделеу және тиісті шаралар қабылдау үшін Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және уәкілетті органдарға өтініш жолдадым,-делінген жазбада. 

Еске салсақ, бұған дейін әлемге танымал әншінің концертінде ерікті болғандардың кейбірі өз шағымдарын әлеуметтік желіде жарыса бөлісті. Айтуларынша, коммерциялық шарада қажетті жағдайсыз жұмыс істеуге мәжбүр болған.