09.10.2023
11:53
1555
Динара Сәтжан ұлын әскерге шығарып салды

Динара Сәтжан ұлын әскерге шығарып салды

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан ұлы Даниалды әскерге шығарып салды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол осыған орай дастархан жайып, жақындарының басын қосқан.

Ұлым, жаным! Біз сенімен және әскерде қызмет етемін деген шешіміңмен мақтанамыз!

Мұның қиын болатынын бәріміз түсінеміз, бірақ бұл Отан алдындағы борыш. Бұл өмір мектебі, – деп жазды Динара Сәтжан.

Динараның анасы жиеніне ақ батасын берген. Ал Даниал өз кезегінде әжесіне орамал сыйлап, бұдан бөлек анасы мен әжесіне телефон тарту етті.